14.03.2018, 14:54
Оқылды: 81

Ақсайда Көрісу мерекесі тойланды

Көрісу - адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда ауылдағы үлкен кісілердің қолын алып, сәлем беруге тиіс. Міне, осындай игі дәстүрді бұл күні Бөрлі аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары жалғады.

«Көрісе келдік, ағайын» деп аталатын акция барысында сауда орталықтарын, орталық аурухананы, халыққа қазымет көрсету орталығын, аудан әкімдіктерін аралап, сонымен қоса  жолда кездескен әрбір адамға жылы-жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпатын үлестіріп жүрді. Әндер де айтылды, бата да берілді. Бұл күн – «Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні болып есептелді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ,

Бөрлі ауданы

 Фото: Сұлтан Ісянкүл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале