25.02.2020, 15:36
Оқылды: 260

Ақсайда көше атаулары жаңарды   

Бөрлі ауданы Кеңес заманынан келе жатқан «Советская», «Комсомольская», «Овражная» деп жалғасатын кейбір көше атауларымен қоштасты.
аль фараби

Олардың орынын Әл-Фараби, Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиев, Хиуаз Доспанова сынды ұлт мақтаныштары басты. Жасыратыны жоқ, Бөрлі ауданында көше атауларын ауыстыру түйткілді мәселелердің бірі болатын. Бұл туралы газет беттерінде, қала берді, отырыс, жиындарда талай рет жазылып, айтылды да.  Сонымен, қоғамдық тыңдаулар мен халық пікірі нәтижесінде Ақсай қаласында бірқатар көшелердің атаулары өзгерді. Бұл туралы Ақсай қаласының әкімі Аманкелді Тугузбаев Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде арнайы шешім қабылдады. Нақтырақ айтсақ, Ақсай қаласындағы «8 марта» көшесі - «8 наурыз», «Заводская» көшесі - «Жайық», «Безымянный переулок» көшесі - «Өркен», «Вахтовая» көшесі - «Бекзат Саттарханов», «Комсомольская» көшесі - «Талғат Бигелдинов», «Западная» көшесі - «Батыс», «Восточная» көшесі - «Шығыс», «Линейная» көшесі - «Жібек жолы», «Утвинская» көшесі - «Мұхтар Әуезов», «Центральная» көшесі - «Орталық», «Молодежная» көшесі - «Жастар», «Овражная» көшесі - «Береке», «Октябрьская» көшесі - «Хиуаз Доспанова», «Первомайская» көшесі - «Жұбан Молдағалиев», «Пролетарская» көшесі - «Желтоқсан», «Рабочая» көшесі - «Зерде», «Северная» көшесі - «Солтүстік», «Советская» көшесі - «Әл-Фараби», «Трудовая» көшесі - «Еңбекші», «Тупиковая» көшесі - «Көкжиек», «Чингирлауская» көшесі - «Шыңғырлау», «Школьный переулок» көшесі - «Балдырған», «Южная» көшесі - «Оңтүстік», «Садовая» көшесі - «Иван Ващук» және «Кооперативная» көшесі - «Қайыр Шакенов» болып бірі қазақшаға, бірі жаңа атауға ауыстырылды.

           Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале