4.10.2017, 15:55
Оқылды: 23

Ақсайда күн батареялары шығарыла бастады

«Ақсай индустриалды паркі» еліміздегі он бес кәсіпорынмен келіссөзге отырып, қоян қолтық жұмыс жасап келеді. Негізінен мұнай-газ компанияларына қажет құрал-жабдықтар жасауға мамандандырылған. Жуырда өндіріс орнында күн батареяларын жасау жолға қойылды.

«Қазақстанда жасыл экономиканы жандандыруға толық мүмкіндіктер бар. Келер бес жылда осы елде күннен және желден қуат алатын батареялар әр үйден табылады дер едім. Мәселен, біз бүгінгі күн батареясын жасап шығаруға тек қазақстандық материалдарды қолдандық. Заман талабына сай жасалған құрылғы электр энергиясын сатып алу тәуелділігін жояды», - дейді «Ақсай индустриалды паркінің» бас директоры Марко Кастаньини.

Батыс елдерінде күн батареясы күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Сондықтан өндірісті-аграрлы ауданда оның қадеге жарары анық. Заманауи құрылғы алдымен  төрт түліктің басын құрап, ата кәсібін жаңғыртқан малшыларға тиімді. Қала көшелерін жарықтандыру да осы құрылғымен іске аспақ. Дербес электр жүйесінің қуаттылығын өз көзімен көреген Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов өндірушілерге желден қуат алатын құрылғыны жасауды да тапсырды. Аудан әкімі тәжірибе ретінде жасалған құрылғыны ресми түрде іске қосты.

Отандық нарықта өз орнын тапқан кәсіпорын, негізінен мұнай-газ саласына қажетті заманауи құрылғыларды шығарып келеді. Қазір мұнда 120 адам тұрақты еңбек етуде.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале