4.09.2018, 16:51
Оқылды: 84

Ақсайда өзге ұлт өкілдері арасында фестиваль өтті

Бөрлі аудандық Достық үйінiн ұйымдастыруымен «Ана тілім – айбыным» атты өзге ұлт өкілдері арасында аудандық тiл фестивалi болып өтті.

aksai ozgeult

            Алдымен аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімі ұйымдастырған «Бiз отбасымызда қазақша сөйлейміз» атты бейнеролик байқауда жүлделі орын алған  қатысушылар марапатталды. Бірінші орынды қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін, тiлiн жақсы меңгеріп, дәріптеп жүрген ұлты татар Джамалдиновтер отбасы жеңіп алды.

            Фестивальде Бөрлі ауданының этномәдени бiрлестiктерi өнер көрсетіп, қатысушылардың барлығы марапатталды.

Сәнімгүл МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале