14.02.2018, 16:24
Оқылды: 77

Ақсайда Шолпан Қыдырниязовамен кездесу кеші өтті

Сөз өнерін, айтыс өнерін насихаттап, оқушыларды тәрбиелік тағылымы мол дәстүрлі айтыс өнерін терең түсіндіруді мақсат тұтқан шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов, Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасының директорының орынбасары Нұрлыгүл Сагинова, жергілікті ақын жазушылар, оқушылар және мұғалімдер қатысты.

Кеш жүргізушісі белгілі ақын Дариға Нұрашева Шолпан Батырқызының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айта келіп, ақынның жалпы шығармашылығына тоқталды. Алғысын, шексіз қуанышын жеткізу үшін сөз алған ақын шараны ұйымдастырып отырған кітапханаға, жалпы көрермендерге алғысын айта келіп, әдебиет туралы ойларымен бөлісті.

Ақын кешінде Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық орталық кітапхана жанынан ашылған «Алтын қалам» ақындар мектебінің жас қаламгерлерлерінің енген өлең жинақтары бар кітапшаның тұсауы кесілді.

«Жыр жазамын жүрегімнен» деп аталатын кітапшаның тұсауы  Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Көшкінбаевтың қолдауымен, «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша іске асып отыр. Кеш барысында басқа да қызықты әңгімелеп айтылып, кеш иесіне сұрақтар қойылды. Оларға тұщымды жауаптар да алынды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале