22.06.2018, 17:36
Оқылды: 29

Ақсайда соғыста қаза тапқан ерлерді еске алды

IMG_5699Шара жеңіс алаңында орналасқан ескерткіштің алдында өтті. Ұлы Отан соғысына Бөрлі ауданынан майданға 4608 жауынгер аттанса, 1824 жауынгер оралмады. Бейбіт өмір үшін күрескен қаһармандарды еске алу шарасына көп адам жиналды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне аудан әкімі Санжар Әлиев, қалалаық және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және де басқа да ұжымдар қатысты.

Еске алу шарасында аудан әкімі Санжар Жұматайұлы жиналған жұртшылыққа бейбіт өмір тілеп, сөз сөйледі.- Осы сұрапыл соғыстың үлкен зияндығы әлі күнге дейін біздің есімізде.Сондықтан осы бейбіт өмір үшін атсалысқан жауынгерлерімізді ұмытпауымыз қажет. Тіпті балаларымызға да жеңісіміздің қандай қиындықпен келгенін айтып отырумыз қажет. Еліміз тек қана бейбітшілікте болсын, аспанымыз ашық болсын, - деді.

Сөз алған ақсақалдар мен ардагерлер соғыстың қайталанбауын тілеп, қаһармандарымыздың батырлықтары мен жанқиярлық еңбектері, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері үшін бас иіп, құрметтеу олардың міндеттері екенін айтып өтті.

Аида ТЕМІР

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале