25.12.2017, 16:47
Оқылды: 26

Ақсайда спортшылар балы өтті

Ақсайда жылдың ең үздік спортшыларын марапаттайтын  «Спортшылар балы – 2017» шарасы өтті.

Оған аудан әкімі Алдияр Халелов пен сала басшылары қатысты. Бұл кештің ерекше өтуінің өзіндік мәні бар. Өйткені, Бөрлі ауданының спорт саласы бұл жылды жемісті аяқтағалы отыр. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Бөрлі ауданы әкімі Алдияр Халелов мерекмен құттықтап, келер жыл биылғы жылдан табысты болуын тіледі.

Сондай-ақ аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы бірқатар спортшыны алғыс хатпен марапаттады.

Шарада сонымен қатар 2017 жылдың спорттық шаралар жетістігінің жылдық қорытындысы шықты. Ақсай қаласының мекемелері арасында 1148 ұпай жинаған №3 орта мектебі үздік атанса, ауылдық округтер арасында 616 ұпаймен Қарағанды ауылы бірінші орын алды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале