12.10.2018, 18:52
Оқылды: 55

Ақсайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы жиын өтті

Бүгін Бөрлі ауданы әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырыс өтті. Отырысқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджетті мекемелердің қызметкерлері қатысты. 

Aksay

         Ғабидолла Абдоллаұлы өз сөзінде облыс әкімі А. Көлгіновтың сөзін жіткізіп отырғандығын айта келіп, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді атап өтіп, олармен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін, біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстау қажеттігін және алда тұрған мақсаттарды шешу үшін бірлесе адал жұмыс істеудің маңыздылығын айтты.

         Аталмыш жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің басшысы Болат Искаков пен ҚР МҚІжСЖҚІҚ Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы  Рустам Ақмырзаев сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар мен нақты фактілерді баян етті.

         Баяндамаларды тыңдай келе облыс әкімінің орынбасары:

         -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жемқорлықтың нағыз ордасына айналуы мүмкін. Қадағалап отыру керек. Бұл тұрғыда жариялау принцпін ұстанып, яғни бұқаралық құралдар арқылы халыққа жариялап отыру қажет. Халықтан артық бағалаушы жоқ. Сол себепті де, жариялап отыру жемқорлыққа жол бермейді. Ал қанша тал егілді, қаншасы суарылды оған қанша қаржы жұмсалды ешкім білмейді, қадағаланбайды. Тек қағаз жүзінде өткесін, жемқорлық мәселесі сол аумақта орын алады. Сондықтан осы жағынан жұмыстануды күшейтіңіз, - деп аудан әкіміне ұсыныс жасады.
-Сонымен қатар автоматизациялау бағытын ұстану керек. Ол,мысалы балабақшаға баланы орналастыру бойынша әр адам балабақша меңгерушісінің жеке қабылдауында болып мәселені шешпей, автоматты түрде әкімдік тарапынан шешіліп, әркім өз кезегі келгенде қабылданатын болады.

Қалай болғанда да билік басында жүрген азаматтар болсын, қызметкерлер болсын, бәріміз халыққа қызмет жасап жүрген жандармыз. Сол себепті де адалынан елге қызмет етейік, - деп сөзін түйіндеді Ғабидолла Абдоллаұлы.

         Жиынға қатысушылар тақырып аясында белсенділік көрсетіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале