7.10.2020, 12:01
Оқылды: 150

Ақсайда Ұлы Абайға мурал салынды

Осыған дейін Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлерге Бауыржан Момышұлы мен Батырхан Шүкеновтің суреті салынған болатын.

Abai

Енді, міне, тамаша туындының бірі Ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың суреті салынды.

Осындай керемет туындылардың авторы – оралдық «Unicorns» деп аталатын суретшілер командасы. Жалпы биылғы мерейтойларға орай Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлерге танымал тұлғаларымыздың суретін – мурал салдыру идеясын жыл басында аудан әкімдігі көтерген болатын.

Abai

«Жалпы бұл жұмыстар Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай және жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат ретінде жасалып жатыр. Суретті салу жұмыстары аяқталуға жақын, сонымен бірге әрі қарай түнде жарықтандыру жұмыстарын да қарастырып жатырмыз. Осы орайда игі бастамаларға қолдау көрсеткен демеушілерді де атап өткен жөн сияқты. Олар «Аяла» және «Ренко» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері», – дейді Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асланбек Ибасов.

 

 Сәнім Меңдібай

                                                                                                      Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале