2.10.2017, 11:35
Оқылды: 27

Ақсайда үздік ұстаздар марапатталды

Бөрлі ауданында ұстаздар күні салтанатты түрде аталып өтілді.

Көп жыл бойы білім саласында еңбек еткен ардагер-ұстаздарды, бүгінгі таңда мектептің жүрегі атанып жүрген аяулы ұстаздарды, сонымен қатар жас мамандарды мерекелерімен алдымен Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов құттықтады.

Келесі кезекте Д.Малкаулова, О.Цяцко, Б.Габбасова, Л.Тұрсынғали, Н.Урисбаева, Ш.Кушербаеваны, Приурал МБК ұстаздары С.Захарова мен В.Садыкованы, балалар саз мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Б.Зайтовты облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапаттады.

Ауданда жұртшылық арасында, ата-аналар мен оқушылар арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары кәсіби деңгейі бар педагогтарды анықтау мақсатында "Педагогикалық жетістік" байқауы ұйымдастырылған. Мерекелік шарада осы байқаудың номинациялары бойынша жеңімпаз ұстаздар марапатталды. Атап айтсақ, "Мектептің кәсіби көшбасшысы" аталымымен Ж.Жақсығалиева, "Шебер-педагог" аталымымен О.Серикбаева, "Отбасылық педагогикалық династиясы" аталымымен А.Дауленова, "Педагогикалық үміттер" аталымы бойынша М.Денисова, "Шығармашылық - біздің өмір" аталымы бойынша С.Кубасова (Балалар өнер мектебі), "Мейірімді жүрек" аталымы бойынша Т.Логунова (№5 "Ертегі" балабақша), "Ең үздік сынып жетекші" аталымымен А.Тюлепова марапатталды. Ұстаздарға марапатын табыстаған аудандық бідім беру бөлімінің басшысы О.Төлемісов, бірнеше ардагер-ұстаз әріптестеріне жүрекжарды тілектерін де айтты.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале