26.07.2019, 18:34
Оқылды: 319

Ақсайда V параолимпиада ойындары бастау алды

Ақсай қаласында облыстық V параолимпиада ойындарының іріктеу кезеңі басталды. Жарысқа облысымыздың Шыңғырлау, Теректі, Казталов, Жаңақала, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі аудандары мен Орал қаласынан барлығы 8 команда қатысуда. Қатысушылар жеңіл атлетика, жүзу, отырып волейбол ойнау, порулифтинг, үстел теннисі сынды спорт түрлері бойынша екі күн бойы  бақтарын сынайтын болады.

Aksay paraolimpiada (1)

Шараның ашылу салтанатында облыстық сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева параолимпиадалық спорттың дамуы жақсы дамыған елдің көрсеткіші екендігін атап өтті.

Aksay paraolimpiada (2)

- Қазақстанда параолимпиада жақсы деңгейде дамып келе жатыр. 2016 жылы облысымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған клуб ашылды. Бұл клуб жақсы, заманауи халықаралық дәрежеге сәйкес құрал-жабдықтармен жабдықталған.  Спортшылар іссапарлармен облыс әкімдігінен бөлінетін степендия алып отыр. Көрсеткіштері де жақсы. Бұл жақсы жетістік. Әлі де жұмыстанатын бағыт көп.

Aksay paraolimpiada (5)

Мысалы, спорт резервін дайындауымыз керек, кадрлар тапшы, спорттық базаларды нығайтуымыз керек. Осы параспорт бойынша жетекші аудан Бөрлі ауданы. Бұл жерде жақсы жағдай жасалған. Аталмыш сайысты өткізуге Бөрлі ауданыдағы спорт нысандары сақадай сай. Біздің спортшыларымызға барлық жағдай жасалып отыр. 2016 жылы облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған клуб ашылды,-деді Әсия Аманбаева.

Aksay paraolimpiada (7)

4 жылда бір рет өтетін параолимпиадаға 75 спортшы қатысуда. Қарсыластарын қапы қалдырып, жеңімпаз аталғандар қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Aksay paraolimpiada (4)

Aksay paraolimpiada (3)

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

     

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале