29.07.2019, 12:28
Оқылды: 345

Ақсайда V параолимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды

Бөрлі ауданында өткен БҚО-ның V паралимпиада ойындарының облыстық іріктеу кезеңі тартысты деңгейде өтті. Сайдың тасындай іріктелген спортшылар сыналған сайыста бабы мен бағы келіскендердің жұлдызы жанды.

paraolimpiada (5)

Қорытынды бойынша жеңіл атлетикадан (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен) Казталов ауданының спортшылары үздік шықты.

Үстел теннисінен (ТҚАЗ),отырып ойнайтын волейболдан, пауэрлифтингтан, парадзюдо (көру қабілеті төмен)  Орал қаласының спортшыларына ешкім қарсылық көрсете алмады.

paraolimpiada (3)

Оқпен атудан және жүзуден (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен) жерлестеріміздің бәсі биік болды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша, ешкімге есе жібермеген Орал қаласының командасы бірінші орынды иемденді. Екінші және үшінші орынды Ақжайық ауданы мен Бөрлі ауданы командалары өзара бөлісті.

paraolimpiada (4)

paraolimpiada (2)

 Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале