6.04.2018, 14:54
Оқылды: 46

Ақсайда жайдарман ойындары өтті

ЖандармАқсайда аудандық білім беретін мекемелерінің оқушылары мен студенттері арасында, сондай-ақ Тасқала ауданының жайдарман командасы, Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжі құрамасының қатысуымен «Жайдарман» ойындары өтті.

Аталмыш фестиваль жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Ақжайық» КВН командасының Бөрлі ауданы бойынша өкілі Ернұр Дүкенбаевтың қолдауымен ұйымдастырылды.

Өнер додасында І орынды Бөрлі колледжінің «Бақ» командасы, ІІ орынды Тасқала ауданы, «Қысқа да нұсқа» командасы, ІІІ орынды «Империя» мен «ARMANI» командалары жеңіп алды. Ал «Үздік ойыншы» аталымымен Санжар Мусин, «Үздік әзіл» аталымымен «Қарағанды қырандары» командасы марапатталды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале