25.04.2018, 15:44
Оқылды: 44

Ақсайда жаңа кітапхана ашылды

IMG_3191Бөрлі ауданында 4800 кітап қоры бар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 қалалық кітапханасы ашылды. Лента қию рәсімін аудан әкімі Алдияр Халелов пен қала тұрғыны Рамазан Қосдәулетов жүргізді.

Кітапхананың ашылуы «Рухани қазына» кіші бағдарлама шеңберінде, Бөрлі аудандық мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, аудандық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Құттықтау үшін сөз алған БҚО Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан  Оразаева:

- Облысымызда 385 кітапхана болса, бүгін 386-шы кітапхана ашылып жатыр. Жаңа кітапханамыздың оқырмандары көп болсын, - деп жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, кішкене сый-сияпатын табыс етті. Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету сапасы бар, оқырмандарға жан азығын сыйлар мекеме бүгінгі күннің барлық талаптарына жауап береді. Яғни, мұнда бас сұққан оқырманға қажетті мағлұматтарды дер кезінде алуға мүмкіндік мол. Ал кішкентай оқырмандар ертегі-аңызды былай қойғанда, өздерінің сүйікті ақын-жазушыларының туындыларымен сусындай алады. Ендігі жерде оқырмандар осындай рухани ордадан өзіне керектісін дер кезінде тауып, кітапқа деген қызығушылықтары арта түседі деген ойдамыз.

 Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале