5.09.2018, 10:20
Оқылды: 69

Ақсайда жаңа спорт алаңы ашылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламызда көптеген жобалар бастау алып, өз нәтижесін беріп жатыр. Жаңа оқу жылында жұртшылықты қуантатын жағымды жаңалықтардың қатары қалалық №5 ЖББОМ жанындағы интернат спорт алаңының ашылуымен толығып отыр.

 Спорт алаңының ашылуы салтанатты түрде өткізіліп, оған аудан басшылары мен ұстаздар, оқушылар куә болды. Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Каналин жылы лебізін жеткізіп, осының бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқандығын атап кетті. Қарашығанақ балаларға қайырымдылық көрсету ұйымының төрағасы Найджел Роберт Торн барша ақсайлықтарды осындай қуанышты күнмен құттықтай келіп, барлық жақсылық атаулы балаларға жасалу керек, себебі олар елдің болашағы, ертеңінің кепілі деп жақсы тілек жолдады.

Ал мектеп-интернатының басшысы Жанела Аманбаева өз сөзін: «Балаларға қамқорлық жасауда алдарына жан салмай, білім алу мен салауатты ұрпақ тәрбиелеуде, қандай да болсын қажеттіліктерді толықтырып отырғаны үшін Қарашығанақ баларға қайырымдылық көрсету ұйымына, сонымен қатар аудан басшылығына айтар алғысым шексіз»,-деп түйіндеді.

Заманауи жабдықталған спорт алаңының лентасын қию мәртебесі аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге және КПО компаниясының бас директоры Эдвин Бломға берілді. Қуанышқа толы сәт әнмен әрленіп, балаларға базарлық жасалып, тәттілер ұсынылып, дастархан жайылды.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ,

Бөрлі ауданы

Спортивная площадка для интерната.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале