22.09.2018, 13:43
Оқылды: 73

Ақсайда «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығы табысталды

Бөрлі ауданында «Жылы жүрек – жомарт қол» шарасы өтті. Шарада ауданның дамуына үлкес қосып, қайырымдылықпен көпке үлгі болған жомарт жандарға құрмет көрсетілді.

1H7A0027

         Алдымен сөз алған аудан әкімі Санжар Әлиев Бөрлі ауданының әкімі болған Қайнолла Қасеновты мерейлі 60 жасымен құттықтап, шапан кигізді.

Бөрлі ауданында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясы «Бәйтерек» компаниясының басшысы Айбек Омаровқа  табысталды. Ол Ақсай мешітінің ауласына 40 млн.теңгеге асхана салып берді.

«Туған өлке» аталымымен Ақсай қаласындағы «Наурыз» саябағын абаттандыруға белсенді қатысқан «Наурыз» қоғамдық қоры марапатталды. Қоғамдық қор биыл наурыз айында құрылған болатын. Құрамында ауданға белгілі кәсіпкерлер:  Бақытжан Ғаделшиев, Ахмет Италиев, Бақытжан Мұратов, Бақтығали Базарбаев, Фирия Галиева бар. Қордың ұйымдастыруымен  «Наурыз» саябағында жаз бойы біраз жұмыс жүргізілді. Олар: безендірілген, түнгі уақытта жанып тұратын 21 перголдар орнатты. 75 дана жарықтандыру шамдары мен 30 дана бейнебақылау қойылды. Зейнеткерлерге шахмат ойнайтын 4 стол орнатылды және жаңартылған 65 орындық пен қоқыс жәшігі қойылды.

Жылдың «Әлеуметтік-жауапкершілігі мол кәсіпорын» аталымымен кәсіпкер Қайрат Қапашев марапатталды. Бағдарлама аясында кәсіпкер ауру шалдыққан балаларға тірек-қимыл жүйесін түзейтін құрылғыны тарту етті. Осылайша Бөрлі аудандық орталық  ауруханасында осыдан екі жыл бұрын ашылған «Қайырлы үміт» оңалту орталығы 1,5 млн.теңгеге 8 жаңа үлгідегі  вертикализатормен толықты. Аталған аппарат балалардың қимыл қозғалысын оңалтып, қан айналым жүйесін жақсаруына сеп болмақ.

Тағы бір «Әлеуметтік-жауапкершілігі мол кәсіпорын» номинациясына «БатысӨндірісҚұрылысСервис» ЖШС бас директоры Нұрсұлтан Дарханов ие болды. Бұл кәсіпорын жыл басында ірі қайрымдылық шара өткізді. Ұлттық өнерді құрметтеу және балаларды домбыраға үйрету мақсатында аудандық саз мектебіне 1 млн.теңгеге 50 дана домбыра сыйға тартты.

«Жыл қайырымдылығы» аталымымен Қарашығанақ балаларға қайырымдылық көрсету ұйымының жетекшісі Найджел Роберт Торнға табысталды. Бұл ұйым төрт жыл бойы қаражат жинап, биыл Ақсай қаласындағы №5 мектеп-интернаттын ауласына 10 млн.300 теңгеге жаңа балалар-спорт алаңын салып берді.

Жомарт жүректі және бір бөрлілік кәсіпкер Виталий Ан ауданда тың жобаларды қолға алып, қайырымдылық істерімен көпке үлгі болып жүр. Кәсіпкер шаһардағы елу жылдық тарихы бар №2 орта мектеп ұжымына интерактивті тақта сыйлады. Шарада В.Ан «Жүректен жүрекке» аталымымен марапатталды. Ал «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы»  «Сұңқар Ақсай» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Ербол Мерғалиев) лайық деп танылса, «Жыл еріктісі» аталымымен Айнэлла Арманова марапатталды.  Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, өз міндеттері мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерін ұстана отырып, қылмыстар мен әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алған Еламан Жәрдемовке  «Батыр жүрек» аталымы табысталды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

0f834506-5c99-43dd-bb2a-30ac6441e6db 99de6ca4-1cc4-4e6d-84de-6d626cedd35c ee9bdd2b-e5f1-4932-b1ba-5529443c3ae0

a6b279e7-49be-4b50-8c45-aa8baa6398a1

01892f9c-c275-40c2-b7a9-47cd34a6ed32

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале