26.05.2020, 21:21
Оқылды: 158

Ақсайдағы 874 көше камерасы бір орталықтан басқарылады (СУРЕТ)

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Ақсай қаласындағы №3 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты. 1988 жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп ғимараты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделуде.

6168a32a-48cc-442a-af4a-7217c5114954

Мектеп директоры Ғұмар Әжіғалиевтің айтуынша көптен жөнделмеген мектептің төбесіне су кетіп, қыста қатты суып кететін болған. Кәріз құбырлары да шіріп, жылыту құрылғылары да ескірген. Жөндеу жұмыстарына 500 миллионнан астам қаражат бөліген. Барлық жұмыстар биыл қараша айында аяқталады деп күтілуде.

49960bef-acd9-454a-b8a6-ddbd91e71388

Сондай-ақ облыс басшысы аудан орталығындағы полиция бөлімінің басқару орталығының жұмысымен де танысты. Қаланың түкпір-түкпіріне 874 камера орнатып, бір орыннан басқаруға мүмкіндік беретін орталықтың болашағы зор. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталуы жақын.

89b4711b-ffdf-4e86-8b72-f87a0bbbf9b7

-Қала қауіпсіздігі үшін мұндай орталықтар керек-ақ. 112, 109 қызметтері өз тиімділігін көрсете алды. Ауданда да ондай орталықтар болғаны құптарлық іс,-деді Ғали Есқалиев.

980b16a7-185b-4b03-8d77-061d083c88bf

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

0f06c345-9b1c-4bc1-9d8e-1ea92ce2bd98

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале