24.12.2016, 11:51
Оқылды: 27

Ақсайдағы аудан əкімінің шырша тойы

screenshot_2016-12-24-11-46-14-1Сиқыры мен тосын сыйы көп мереке - Жаңа жыл қарсаңында Ақсай қаласында дәстүрлі аудан әкімінің шырша тойы өтті.


Аталмыш шараға әртүрлі жастағы 115 бала шақырылып, қонақ болды.Әсерлі мереке мен әдемі шараға ұласқан аңа жылдық кешке аудан әкімі Алдияр Халелов арнайы қатысып, құттықтау лебізін білдірді.

Аталмыш мерекеге Орынбор облысының Елек ауданына қарасты Димитрово орта мектебінің 10 оқушысы да қатысып, Аяз атаға өз өнерлерін көрсетті. Димитрово орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ольга Толстикова сөз сөйлеп, бөрліліктерге ризашылығын білдірді.
Жарқын мереке барысында әр бала бір дорба тәтті сыйға алды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале