5.09.2018, 16:44
Оқылды: 49

Ақсайдағы құбырларды жаңарту жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқталады

Облыс басшысы Алтай Көлгінов Ақсай шаһарындағы төртінші және бесінші шағынаудандардың жылу желілері және ыстық-салқын су жүйесін қайта құрылымдау жұмыстарымен танысты.

Темирболат Токмамбетов5

            «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асып жатқан құрылыстың жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Су жүйелерінің құрылысын жылу беру маусымына дейін аяқтау жоспарлануда. Аталған жоба аясында қос ықшамаудандағы сыртқы жылу жүйелері, ыстық сумен қамту желілері күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылады. Бұл өзгерістер жылудың баспаналарға дұрыс жетуіне оң ықпал етпек. Жоба бойынша былтыр басты магистрал ауыстырылып, қалған жұмыстар биыл жалғастырылуда. Құрылысқа жауапты мердігер облыс басшысына өздеріне жүктелген жұмысты салқын түспей аяқтайтынын жеткізді.

Биыл маусым айында басталған жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат 576 млн. теңгені құрайды. Бас мердігер «Лидер» ЖШС-ның жылу беру маусымына дейін өз жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Әзірге жұмыс жоспарлы жүруде. Жоба бойынша 28 шақырымдық құбырларды ауыстыру орталықтандырылған жылу пунктіндегі құралдар мен жабдықтар жаңартылды. Сондай-ақ ыстық суды сақтайтын екі резервуар жаңа кейіпке енді. Дәл осындай жұмыс қаламыздың №5 шағынауданында жүргізіледі. Алдағы апталардың бірінде толықтай монтаждау жұмыстарын аяқтап, құбырларды ауыстыру жұмыстарына кірісетін боламыз, дейді «Ақсайжылуқуат» МКК бас директорының орынбасары Әнуар Мүкеев.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ,

Бөрлі   ауданы

Темирболат Токмамбетов6

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале