12.06.2020, 10:01
Оқылды: 82

Ақсайдағы үйлердің біріне Батырхан Шүкеновтің бейнесі салынды

Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай қаламыздың 5-ші ықшамауданындағы үйдің қабырғасына Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының муралы салынғанын хабарлаған болатынбыз. Жаужүрек бабамыздың жалынды бейнесі көпшіліктің көңілінен шыққанын әлеуметтік желіге жарыса жазылғанын да айтқан едік.

Mural (2)

5-ші ықшамаудандағы 27 г мекенжайындағы үйдің қабырғасына тағы бір әсерлі сурет салынуда. Бұл жолы муралға әнші, сазгер Батырхан Шүкеновтың бейнесі түсті.

– Халықтар Достығы көшесінің 27 г мекенжайындағы үйдің бос қабырғасына мурал салынуда. Жұмыстар 18 маусымда аяқталуы тиіс. Демеуші – " КИОС" ЖШС. Орындаушылар – оралдық Unicorns шығармашылық ұйымы. Алдағы уақытта Ақсайдағы үйлердің қабырғасына елімізге еңбегі сіңген өнер, спорт, қоғам қайраткерлерінің суреттерін салу жоспарда бар, – дейді Бөрлі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асланбек Ибасов.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале