11.05.2017, 17:05
Оқылды: 62

Ақсайлық театр халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

«Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында  «Жеті Өнер» I Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы өтті.

 Өнер сайысына Орал, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Үржар, Екібастұз, Жезқазған, Алматы, Қызылорда, Көкшетау және т.б. қалалардан келген барлығы 1000-нан астам жас талант қатысты.

Бұл байқауда Бөрлі аудандық демалу орталығының режиссері Әсел Молдағалиева жетекшілік ететін «Мұрагер» театрының тәрбиеленушілері Әсемгүл Ерғалиева, Ғайнолла Биболат көркемсөз жанры бойынша бас жүлдені иеленді. Ал театрдың өзі «Театр» аталымы бойынша оқ бойы озық шықты. Ал театрдың жетекшісі Әсел Нағымқызы «Үздік тәлімгер» дипломымен марапатталды.

Вероника Пермитина

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале