18.09.2018, 17:13
Оқылды: 87

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімов ақсайлық оқушылармен кездесті

Ақсай қаласынын №6 мектебінде Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовпен «Әркімнің өз дара жолы бар» атты кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - «100 жаңа есім» атты жобасының жеңімпазы, түрлі салада қызмет атқарып жүрген Ақсерік Сарыұлының пікірлерін тыңдау, жастар алдында оның жүріп өткен жолдары мен жеткен жетістіктерін үлгі ету.

Білім ордасының ректоры кездесу барысында мамандық таңдау барысында жаңсақтық танытпай нақты, батыл қадам жасауға шақыра отырып, «Біздің қазіргі таңда алға қойған басты мақсатымыз – білімді жастардың арқасында әлемдік бәсекелестікте лайықты орын алу үшін серіктес болатын мықты шетел университеттерімен қарым-қатынас орнату. Және біз осы мақсатты жоспарлы түрде жүзеге асырудамыз. Мәселен, Ресей, Польша, Норвегия, Румыния және Австрия елдерінің жоғары оқу орындарымен әріптестік, ғылыми және академиялық байланыс орнатудамыз» - деді.

Кездесуге әр сала мамандары қатысып, өз мамандықтарының қыр-сырымен таныстыра отырып, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале