29.01.2019, 16:04
Оқылды: 43

Ақшатта медициналық амбулатория пайдалануға берілді

Шыңғырлау ауданы орталығынан 80 шақырым орналасқан Ақшат ауылында медициналық  амбулатория пайдалануға берілді.

 

????????????????????????????????????

Жаңадан бой көтерген ғимарат мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған. 2018 жылдың маусым айында басталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Лайгэ» ЖШС жүргізді.

Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимараттың жалпы алаңы 495 шаршы метр. Амбулаторияда арнайы ем алатын процедуралық және тамақ, құлақ қыздыратын физио-терапиялық кабинеттермен қатар, заманауи құралдарымен жабдықталған стамотология кабинеті бар.

Жаңа нысан тек Ақшат ауылының тұрғындарын емес, жақын орналасқан Алмаз, Қарағаш ауылдық округінің де тұрғындары медициналық қызметпен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Ашылу салтанатына арнайы келген БҚО-ның денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали және аудан әкімі Альберт Есалиев қуанышқа ортақтасып, құттықтауларын жеткізді.

Аудан әкімі өткен жылдың өзінде аудан бойынша 4 нысан – Қарағаш, Шоқтыбай, Ақтау, Амангелді ауылдарының фельдшерлік-акушерлік пункттері күрделі жөндеуден өткенін айтты.

medpunkt (1) medpunkt (2) medpunkt (3) medpunkt (4) medpunkt (6) medpunkt (12)

Анар Сағи,

Шыңғырлау ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале