20.01.2020, 15:39
Оқылды: 183

Ақсоғымға спорт алаңы салынады

Теректі ауданының Ақсоғым ауылында өткен есептік жиналыста әкім Амангелді Ахметов өткен жылы атқарылған жұмыстарды тізіп өтті.

terekti aqsogym

Шаруашылық – жол тазалау, ауыл абаттандыру, жарықтандырумен қатар су, газ, электр жарығымен қамтамасыз ету бағыттарын нақ сандармен көрсеткен әкім сөзінде аумақтағы 3 мектеп, 3 медициналық пункт, 2 ауылдық клуб пен 3 кітапхана жұмысын баяндап берді.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз алып, өткен жылы жасалған істерге шолу жасап, биыл атқарылар жұмыстардан да хабар берді. Соның ішінде ақсоғымдықтарды қуантқаны – осы жылы Ақсоғымның үстімен өтетін, Индерге апаратын тас жол жөндеу көреді деген хабар. 2020 жылы Ақсоғымға спорт алаңын салу да жоспарланған.

Ақсоғымдықтардың, әсіресе, жастар мен мұғалімдер қауымының көтерген мәселесі интернет желісінің жайбасарлығы жайлы болды. Бір қызығы, Шағатайға қарай тартылған жылдамдығы тез талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылудан Ақсоғым шет қалыпты.

Бұдан басқа, жер салығы, жайылым-шабындық жерлер, Жайықтың тартылуы жайлы баршаға ортақ мәселелер айтылған есептік жиыннан соң ауыл тұрғындары аудан әкімі, бөлім-мекеме басшылары қабылдауында болды.

Камелия Қарекесова

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале