7.06.2019, 17:30
Оқылды: 45

Ақсуатқа жол салынуда

Теректі ауданы орталығынан шыққаннан темір жолдан асып өтер жерге дейін тас жолмен зымырап келген автомобиль таяқ тастам жерде тұрған Ақсуатқа жеткенше жол азабын тартатын. Әкім-қара, депутат-сенаторлар келе қалса, ақсуаттықтар ауылға кірер жолды жөндеу туралы жиі айтылды.

2

Биыл мәселе шешімін тапты. Мамырдың ортасында техника тартылып, мердігер «Тоби» ЖШС жолды жөндеуге кірісіп кетті.  Республикалық және жергілікті бюджеттен аудандық маңызы бар кірме жолды күрделі жөндеуге бөлінген 196 784 000 теңгеге келісімшарт жасасқан мердігер 2,44 шақырым жолды тақтайдай тегістеп, қарашада аяқтаймыз дейді.

-Жалпы Теректіде жол мәселесі асқынып тұрмағанымен, ауылішілік, кіреберіс жолдарға жөндеу қажет-ақ. Былтыр басталған Алғабас ауылына кірер жол жөнделіп, аяқтала келді. Жоспар бойынша тамыздың басында қолданысқа беріледі. Биыл осы Ақсуат ауылымен қатар «Ақжайық» шипажайына жеткізер жол күрделі жөндеуден өтеді. Алдағы жоспарымыз - Магистральное (2 км), Новопавловка (15 км) және Юбилейное (5 км) ауылдарына кірме жолды күрделі жөндеуден өткізу. Алдын ала есеп-құжат жұмыстарын жүргізіп,  уәкілетті органға өтінім жолдадық,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале