4.12.2017, 17:03
Оқылды: 27

Ақсуатта көше мерекесі өтті

Ақжайық ауданындағы Ақсуат ауылдық округінің орталығында көше мерекесі аталып өтті. Бұл шараға аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, тұрғындарды ауыл-елімізде биылғы атқарылған ауқымды істермен, қол жеткізген жарқын жетістіктермен таныстырды.

Ауылдық округ әкімі Дәмелі Бекен Ақсуаттағы «Ақжайық» көшесін, Ақбұлақ елдімекеніндегі «Бірлік» көшесін «Үздік көше» аталымымен марапаттаса, ақсуаттық Болат Топбаев пен Ақбұлақтың тұрғыны Хамидолла Рахметовтың үй-жайларын «Үздік аула» аталымымен қошеметтеді.

Ауыл тұрғындары бұл мерекеге ерекше дайындықпен келген. «Мәңгілік ел», «Бейбітшілік», «Қазақстан» көшелерінің тұрғындары өнер көрсетуден, тағам түрлерін дайындаудан, спорттық сайыстардан байқауға түсті. Осындай қызықты да тартымды мейрам ауыл-елдің бірлігін нығайтып, ынтымағын арттыра түсері сөзсіз. Ауыл тұрғындарының қуанышын еселеген мерекеде аудандық «Балдәурен» байқауының жеңімпазы Ернұр Мүсірепов ән әуелетті.

Құрмет ҚАДІР

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале