20.02.2020, 12:18
Оқылды: 63

Ақтөбеден жүлдемен оралды

15-16 ақпан күндері Ақтөбе қаласында өткен ІІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған өнер байқауынан Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ орта мектебінің 6-сынып оқушысы Әлішер Мырзагерей жүлдемен оралды.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Мәңгілік ел» идеясын қолдау және жасөспірімдер арасында насихаттау, өнерлі балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауда Әлішер «Көркем сөз» жанры бойынша бағын сынап, М.Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ол 31 қатысушының ішінен жүлделі І орынды иеленіп, наурыз айында Көкшетау қаласында өтетін өнер байқауына жолдама алды.

Жетістікке жетелеген жетекшісі Егіндібұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алида Даниярқызы да арнайы дипломмен марапатталды.

Зеленов жулдегер

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале