26.06.2017, 16:58
Оқылды: 58

Ақұштап ақын Жаңақалада болды

zhanakalaЖақында қазақтың көрнекті ақын қызы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева Жаңақала ауданына сапарлап келді. Ақынды аудан әкімі Лавр Хайретдинов бастаған топ аудан шекарасынан қарсылап алып, құрмет көрсетті.


Әділетсіздікке жаны қас, елдің бірлігін һәм халықтың мұңын жырлаған Ақұштап ақын алдымен Қызылоба ауылына ат басын тіреп, қонақ болды. Түстен кейін ауылдық Мәдениет үйінде ауыл халқымен жүздесті. Кешті белгілі журналист, ақын Өмірзақ Ақбасов жүргізіп отырды.

Шарада ақын әсерлі әңгіме өрбітіп, орамды ойларын ортаға салды. Аракідік сыршыл өлеңдерін оқып, көрермендер тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Кездесуде ақын қыз тәрбиесіне кеңінен тоқталып, ұлт тағдыры мен оның болашағы жайлы сыр шертті. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаларды тілге тиек етті.

Жылы жүздесу соңында қызылобалықтар Алаштың аяулы ақын қызына алғыстарын айтып, қолтаңбасын алды. Мұнан соң ақын аудан орталығында өтетін кездесуге асықты. Жолшыбай күйшілер кесенесінде болып, марқұмдарға құран бағыштап, дәулескер домбырашылардың рухына тәу етті.

Дәл осындай Ақұштап ақынмен кездесу кеші Жаңақала, Жаңақазан ауылдарында жалғасын тапты.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале