25.05.2017, 10:46
Оқылды: 22

Ақын есімі ардақталды

Қазына байлық кітапта екенін ұғынған мектеп оқушылары да еліміздегі «Бір ел – бір кітап» акциясына ерекше құштарлықпен атсалысуда.

Бөкей Ордасы ауданы М.Мәметова атындағы орта мектептің 9-сыныбында (жетекшісі Жасұлан Омаров) акцияға орайластырып «С.Торайғыров мәңгілік ел есінде» атты әдеби шара өткізді. Сынып болып ақынның «Дүние дөңгелегі айналады» өлеңдер жинағын оқып шыққан шәкірттер көңілге түйген пайымдаулары хақында ой қозғап, өзара пікір алысты.

Әсіресе, Жаныгүл Әбдірешева, Айзада Егінғалиева, Азамат Насыров белсенділік танытып, әдеби шығармалардың адамға берер құндылықтарын сөз етті. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бірталай өлеңдері жатқа оқылды. Шара соңында ақын шығармаларынан жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Жанаргүл ҒАББАСОВА,

мектеп кітапханашысы

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале