28.03.2019, 15:34
Оқылды: 149

Ақын Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл

Бүгін Жәнібек аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл толуына орай «Асыл жыр қалдырған ақын ана» атты поэтикалық марафон өтті.

Шара барысында Т. Жароков атындағы орта мектеп, №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп, «Жәнібек» балабақшасы, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жас мамандары Халима Өтеғалиеваның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов Халима Өтеғалиева туралы естеліктерімен бөлісті.

IMG_0107

Кітапханашы Жібек Батырғалиева «Сөз зергері Халима» атты кітап көрмесімен таныстырды. Жиын соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина жас мамандарға алғыс хаттар табыстады.

Гүлім Қабдолова,

Жәнібек ауданы

*ӨТЕҒАЛИЕВА Халима Нұрғалиқызы (1889-1984) - халық ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. БҚО, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Композитор Қапан Мусиннің анасы. Өлеңдері мерзімді басылымдарда жарияланып тұрған. 1930-шы жылдары ауданаралық әр түрлі айтыстарға қатысты. 1944 жылы Алматы қаласына қоныс аударды. Ақынның «Мақтанышым - өз елім», «Ана жыры», «Әже әлдиі», «Бесік жыры», «Мейірім» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале