5.12.2017, 17:56
Оқылды: 70

Ақын Закария Сисенғалимен кездесу кеші өтті

Жаңақаладағы рухани орталықта ақын, Қазақстан Журналистер одағы және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғалимен «Айтарым бар...» жобасы аясында кездесу кеші өтті.

Шараны мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымы ұйымдастырды. Кешке ақынның үзеңгілес достары, ұстаздар, оқушылар және жырсүйер қауым қатысты.

Шарада З.Жүсіпқалиұлының сөзіне жазылған «Ақжайық – ару мекенім» әні айтылып, зор құрметпен ортаға кеш иесі шақырылды.

Кездесуде Закария Сисенғали өлеңмен біте қайнасқан өмір жолы, туған жер һәм  өскен өңірі жайлы сыр шертіп, оқушыларға ой саларлықтай салиқалы әңгіме өрбітті.

Жоба «Өлең өлкесінде», «Біз білмейтін...», «Сіз дайынсыз ба?», «Ойнайық та, ойлайық», «Қайым айтыс», «Қонақ кәде», «Тосын сый» секілді бөлімдерді қамтыды.

Кеш соңында ақын мектеп оқушыларына қолтаңбасын қалдырып, естелік суретке түсті.

 Алтынбек СЕРІКҚАЛИҰЛЫ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале