7.03.2017, 10:44
Оқылды: 87

«Ақын жүрегі сөйлесін»

Дәл осындай атаумен Зеленов ауданы Макаров ауылында мәнерлеп оқудан оқушылар сайысы өтті. Жыр кешіне ақын Ұлдай Сариева, аудандық мәдени-демалыс орталығы директорының орынбасары Арман Сағидоллин және аудандық «Достық» үйінің директоры Ақан Жекековтер арнайы қатысты.


Батыс өңірінің ақын қыздары өлеңдерін кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға ауданның бірнеше округінен 10 үміткер қатысты.

Байқау нәтижесінде макаровтық Аружан Насырова үшінші, Асан мектебінен келген Бегім-ай Дүрісбекқызы екінші, Үлкен Шаған ауылынан келген Анель Бауыржанова бірінші орынға лайық деп танылса, бас жүлдені Макаров мектебінің тағы бір оқушысы Назерке Дәулеткереева иеленді.

Макаровқа жаухар жыр сыйлаған кеш одан әрі Ұлдай Қабошқызымен өткен сұхбатқа ұласты. Ақын оқушылар мен оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.

Шарада сөз алған ауыл әкімі Нәсіпқали Қуанышев Ұлдай Қабошқызына алғыс хат табыс етті.

 

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале