17.04.2019, 11:46
Оқылды: 24

Ақжайық ауданы әкімі мерейтой иесін құттықтады

Ақжайық ауданындағы еңбегі мәлім жандардың бірі, ардагер педагог Анна Мартовицкая. Чапаев №1 мектебінде сурет пәні, ән, биология сабақтарының мұғалімі болып, 43 жыл жұмыс жасады. Зейнеткерлікке шыққан соң да жас ұрпақ тәрбиесінен тыс қалған жоқ.

DSC_0024

         Оқу-ағарту үздігі А.Мартовицкая міне, 5 жылдан бері «Радуга» славян мәдени орталығының белсенді мүшесі және орталық жанындағы хорға жетекшілік жасап келеді. «Радуганың» халық бірлігін, еңбекті, ел құндылықтарын ұлықтап, насихаттайтын ісі облысқа танымал болса, оның хоры да шығармашылық сапармен бүгінге дейін аудандар және облыс сахнасында әлденеше рет өнер көрсетті.

         Бүгін Анна Мартовицкаяның 70 жасқа толуына орай орталықта салтанат өтті. Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов мерейтой иесін құттықтап, оған естелік сыйлық табыстады.

Еркін Рай,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

DSC_0044

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале