28.05.2020, 15:53
Оқылды: 37

Ақжайық ауданы орталығының сауда орындарына рейд жүргізілді

Бүгін қоғамдық ұйым, аға буын, әйелдер кеңесі, жастар өкілдері, учаскелік полиция инспекторынан құралған мониторингтік топ Ақжайық ауданы орталығындағы азық-түлік дүкендерін аралап, карантин режимінің, санитарлық ережелердің сақталуын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

275F9EB1-A5B8-4763-A847-9CD5C86CD663

Сондай-ақ олар өз назарынан азық-түлік құнын да тыс қалдырмады. Дүкендерді аралау барысында дезинфекциялауға арналған антисептикті күн сайын ауыстыру, оны кіргендерге анық көрінетін жерге орналастыру керектігін қаперледі. Азық-түлік дүкеніне бетпердесіз кіруге болмайтынын, сонымен қатар оның ішіндегі адамдардың саны екі-үшеуден аспау, әлеуметтік қашықтықты сақтау керектігін ескертті. Егер бұл ескертулерге құлақ аспай, санитарлық талаптарды бұзған жағдайда мониторинг тобы фотосуретке қоса бейнекамераға түсіріп, аудандық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдайды. Тиісті шара алынады, - деді ауыл әкімі Нұртаза Нәбиденов.

Рейд барысында сауда орындарының өкілдері бүкіл талаптарды сақтап, ескертулерді қаперлеріне алатынын айтты. Дегенмен алдағы уақытта бұл топ өкілдері кез келген уақытта еш ескертусіз келіп, тексеру жасай алады. Сондықтан саудагерлердің сақтанып отырғаны абзал. Бұл тексеруден аман құтылудың емес, індеттің таралуының алдын алудың бірден-бір амалы.

«Ақжайық» сауда орталығының меңгерушісі Светлана Ереева «Антисептиктер уақтылы ауыстырылады. Дүкеншілердің барлығын жеке қорғаныс құралдарымен қамтып отырмыз. Тауардың бағасы да тұрақты, халық тарапынан шағым жоқ» - деді.

Ләззат Өтегенова,

Ақжайық ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале