11.10.2018, 13:00
Оқылды: 202

Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұсынысы және ҚР Президенті Әкімшілігі мен Ақжайық ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Ақжайық ауданына жаңа әкім тағайындалды. Облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық ауданы орталығы Чапаевта болып, ауданның жаңа әкімі Қалияр Айтмұхамбетовты активке таныстырды.

akimaqjaiyq

Облыс әкімі Ақжайықтың сапалы басшы кадрлар мектебі болып табылатынын атап көрсете келіп, осыған дейін ауданда басқарған, көптеген игі өзгерістердің жүзеге асуына ұйытқы болған, бұдан былай Теректі ауданының әкімі болып тағайындалған Әділ Жоламановқа алғысын арнады.

Жылдың және келер уақыттағы ауқымды жоспарларды, қам-қарекеттерді баяндай келіп, өңір басшысы ақжайықтықтарға игі лебізін білдірді, Қ.Айтмұхамбетовтың қызметіне табыс тіледі.

Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов 1969 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын агроном, БҚ инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Шыңғырлау ауданында кеңшар директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары, агроном, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің бас маманы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 жылдың тамыз айынан бастап БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

DSC_0045

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале