8.08.2017, 9:42
Оқылды: 32

Ақжайық ауданында 18 жасар тұрғын суға батып кетті

Кеше, 7 тамызда, сағат 18.10 шамасында Ақжайық аудандық ТЖ бөлімінің судан құтқару қызметі қосынына Жайық өзеніндегі қайғылы оқиға туралы хабар түсті.


Өзеннің Чапаев тұсында суға шомылу кезінде 1999 жылы туған аудан орталығының тұрғыны Н. батып кеткен. Аталған қызметтің басшысы Марат Қабақаевтың айтуынша, марқұм өзенге достарымен бірге барған. Қазір суға батқан жігіттің мүрдесі іздестірілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале