1.04.2019, 14:49
Оқылды: 15

Ақжайық ауданында ауру малын жоймаған тұрғынға айыппұл салынды

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылы тұрғынының бір бас ірі қарасынан бруцеллез кеселі анықталған болатын. Алайда ол 15 күн ішінде бұл малды жою жөнінде нұсқаманы орындамағандықтан оған бүгін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Мұның мөлшері 50 мың теңгеден асады.

vetereniar

АШМ ветеринарлық қадағалау және бақылау инспекциясы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Азамат Алхамбетовтың айтуы бойынша, бруцеллез анықталған малды тапсырудан және түліктен қан алдырудан бас тартқандары үшін аудан бойынша былтыр 19 мал иесіне заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале