4.04.2018, 11:00
Оқылды: 52

Ақжайық ауданында «Бір ел – бір кітап» акциясы басталды

DSC_0014«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында биыл үш автордың шығармалары таңдалып, ел болып оқуға ұсынылып отыр. Бұлар: әйгілі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты туындылары.

Елімізде аталған акция ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп жүргені жұртымызға мәлім.

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта орталықтандырылған кітапхана жүйесінде биылғы акцияның басталуына орай үлкен шара өтті.

Кітапханашы Әнуар Қайыржанов салтанатты жағдайда жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлеріне Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», балалар шығармашылық орталығының үйірмелер жетекшілеріне Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Абай атындағы мектеп-гимназия ұжымына Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітаптарын табыстады. Олар аталған кітаптарды ұжым болып оқып, талқылаған соң басқа мекеме, ұйымдар қызметкерлеріне тапсыратын болады.

Шара барысында ақын Сағынтай Бисенғалиев пен білім бөлімі кітапхана қорының әдіскері Гүлниса Әдиетова өміріміздегі әдебиеттің маңызы жайында өз ой-пайымдарын ортаға салды. Ауданда бұл акция жыл сайын барлық ауыл тұрғындарын қамтып, оның қорытындысымен мысалы, «Кітап оқығанның көңілі кірлемейді», «Әдебиетпен достасқан ел әдебімен бай», «Кітап – алтын қазына», «Артық білім – кітапта» атты жүздесулер, дәрістер өткізіп келеді. Осы орайдағы тәжірибені байыту, одан әрі жалғасын табуда.

Нұрхат МАҒЗОМОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале