28.11.2017, 10:12
Оқылды: 21

Ақжайық ауданында футзалдан біріншілік басталды

Аудан орталығынан 7, басқа ауылдардан 9 команданың қатысуымен футзалдан біріншілік шеру тартты. Айналмалы жүйемен өтетін бұл дода көктемде қорытындыланады.

Ойындар екі жұма сайын Чапаевтағы М.Әуезов атындағы орта мектептің спортзалында өтеді.

Қатысушылар арасында, айталық, аудандық мешіттің, аурухананың, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командалары бар. Өткен екі турдың қорытындысымен бұл екі ойынды да жеңіспен аяқтаған Қабыршақты ауылдық округі, аурухана, «Жігер» спорт клубының командалары көш бастап келеді. Осындай «ұзақ» біріншілік ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оның барысында мықты деген ойыншылардың мектеп оқушыларымен аяқдоптан дәрістер өткізуі жоспарланды.

Болат ЕСҚАЛИ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале