5.02.2018, 18:20
Оқылды: 18

Ақжайық ауданында коммуналдық тұрғын үй салу жобасы қолға алынуда

 

Аудан әкімі Әділ Жоламанов халық алдындағы есебінде осы мәселені айтты.

Биыл кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға арналған 3 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын аудан орталығында салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 7 ауылда 2 пәтерлі (Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Жамбыл, Ілбішін, Ақсуат, Алмалы) коммуналдық тұрғын үй салу жобасы қолға алынуда.

Аудандағы 66 көппәтерлі тұрғын үйдің 11 тұрғын үйі жаңғырту бағдарламасы бойынша 183,0 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген тұрғын үйлердің қайтарым қаражатының жоспары 40,0 млн. теңге болса, күні бүгінге 18,0 млн. теңге қайтарылып отыр, яғни 45 пайызды құрайды. Бұл бағытта қаражатты қайтару бағытында жұмыстанатын боламыз.

2017 жылы қайтарылған қаражат бойынша Ақжол ауылдық округіндегі 1 көппәтерлі тұрғын үй /15,7 млн. теңгеге/ қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале