11.08.2017, 15:22
Оқылды: 24

Ақжайық ауданында құрылысшылар күні тойланды

Сала мамандары мен ардаргерлерін құттықтаған аудан әкімі Әділ Жоламанов облыстық құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаевтың Алғысхатын табыс етті.


Олардың арасында аудандағы құрылыс жобаларының авторы, «Газсервис и К» ЖШС директоры Арман Сұлтанов, «Қалдығайты» ЖШС директорының орынбасары Айбек Батырхан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас мамандары Ромен Жұмағазиев, Әйгерім Хайруллина бар. Аудан басшысы бұдан соң өзінің Алғысхатымен сала ардагерлері Сайын Меңдіғалиев, Серік Рудишев, «Жайықтехсервис» кәсіпорнының директоры Әлжан Досмақов, «Нұрғасыр» ЖШС директоры Нұрлан Салыхов, «ЖайықСити» ЖШС директоры Мереке Молдағалиев, «БатысСтройСервис» ЖШС директоры Серікқали Жолымбетов, «Жиенбай» ЖШС-нің учаске мастерлері Сағынғали Молдашев, Ербол Жұмашев, «Айдана» ЖШС-нің учаске мастері Карлен Мгероян, «БатысСтройСервис» ЖШС-нің учаске басшылары Тілеужан Ізмағамбетов, Есенкелді Сисенғалиев, «Қалдығайта» ЖШС учаске мастері Айдос Жақыпов, «Нұржан» ЖШС-нің қызметкерлері Мұрат Нұрекешов, Айболат Бақытжан, «Жайықтехсервис» кәсіпорнының қызметкерлері Батырхан Жұмағалиевты қошеметтеді.

Атаулы күн құрметіне көркемөнерпаздар концерт берді.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале