9.04.2018, 15:32
Оқылды: 173

Ақжайық ауданында оқушыларға 150 домбыра сыйға тартылды

Ақжайық ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы акция нәтижелі өтуде.

Бір айдың ішінде кәсіпкерлер мен ата-аналар 27 мектепке, оның ішінде жекелеген шәкірттерге 150 домбыра сыйға тартты. Айталық, Алғабас, Алмалы, Тайпақ ауылдарындағы мектептер домбырамен толықты. Мысалы, алғабастық шарулар Ғабит Ерғалиев, Асылбек Өтеков, Айғабыл Құрақаев, басқа да ауылдардың азаматтары бұл істе белсенділік танытып, көмек қолын созып отыр.

«Бұл бастаманы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі жолындағы өте дұрыс әрі маңызды деп санаймыз. Өйткені, қолына домбыра ұстап өскен ұл-қыз ұлттық құндылығымызға терең бойлап өседі. Акция одан әрі жалғасын тауып, аясын кеңіте берсе, талай қазақ баласы қасиетті аспапқа ие болады.

Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ұлттық кодымызды сақтаудың бір кепіліне айналар осы жарқын бастама болмақ»,-дейді «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының менеджері Әлия Иғазиева.

Айта кетейік, мамыр айында Орал қаласында Астана қаласының 20 жылдығына тарту ретінде өтетін топтық домбыра тартуға Ақжайық ауданынан 600 домбырашы қатысады деп күтілуде.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале