4.06.2018, 12:19
Оқылды: 37

Ақжайық ауданында рәміздер күні кең көлемде атап өтілуде

Ақжайық ауданында Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде атап өтілуде.

«Асқақ мақтанышымыз», «Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі», «Елдіктің ерек негізі» атты дәрістер, кездесулер өткізілуде. Ту, Елтаңба және Әнұран, сонымен қатар елдің символдық бет-бейнесін айқындайтын құндылықтар – Президент, мемлекеттік тіл, Астана, Ұлттық валюта, «Алтын адам» туралы әңгімелерге тұрғындардың қалың қатары қатысуда.

Чапаевтың орталық алаңына жиналғандар алдында аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөз сөйледі. Осында Мемлекеттік рәміздеріміздің шежіресі, авторлары жайында тартымды әңгімеленді. Отан, бірлік, еңбек, елжандылық туралы көркемөнерпаздар әндер әуелетті. Алаңдағы тағы бір есте ұзақ сақталар салтанат – 5 тұрғыны «Нұр Отан» партиясы мүшелігіне қабылданды. Биыл «Нұр Отан» қатарына 57 адам қабылданып, партияның аудандағы мүшелерінің саны 2729-ға жетті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале