13.07.2018, 11:13
Оқылды: 47

Ақжайық ауданында тағы бір спорт алаңы ашылды

Akzhaik sport alany

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Үштөбе ауылында заманауи жаңа спорт  алаңы пайдалануға берілді.

Мұнда баскетбол, волейбол және шағын футбол алаңдары бар. Қазынадан бөлінген 6 млн. 257 мың теңгеге құрылысты «СПМК-409» ЖШС жүргізді. Директоры Қабылбек Малдарбеков болып табылатын бұл ұйым Үштөбеге балалар үшін белдеме мен әткеншекті тегін жасап берді, үштөбелік өскіндерге футбол добын, волейбол торын сыйлады. Жамбылдық азаматтар да футбол добы мен формасын сыйлады.

Спорт алаңның ашылу құрметіне шағын футболдан аудан ауылдарынан 7 команданың қатысуымен жарыс өтті. Мұнда І орынды аудандық аурухананың ойыншылары жеңіп алды.

Ауданда былтыр Чапаев пен Тайпақ ауылында осындай әмбебап спорт алаңы салынған еді. Тағы алты ауылда осындай құрылыс көтерілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале