8.08.2017, 10:38
Оқылды: 12

Ақжайық ауданында тағы да 3 өрт оқиғасы тіркелді

Апта басында, түсте Ақжайық ауданының 3 ауылдық округі аумағында өрт оқиғасы тіркелді.


Мерген ауылдық округі жерінде 298 гектар, Ақжол ауылдық округінде 277 гектар, Есенсай ауылдық округінде 187 гектар жайылым отқа оранды. ТЖ бөлімінің аға инженері Рауан Қашқынбаевтың айтуынша, тілсіз жау  өртпен күрес бөлімдері жұмысшы-қызметкерлерінің, өртпен күрес ерікті құрылымдарының, орман шаруашылығы, шаруа қожалықтары еңбеккерлерінің күшімен ауыздықталды.

Қазір жер-жерде кезекшілік ұйымдастырылуда.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

 Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале