20.06.2018, 10:09
Оқылды: 26

Ақжайық ауданында ҰБТ басталды

IMG_4120Бүгін Ақжайық ауданының орталығындағы №771 тестілеу пунктінде ҰБТ басталды. Шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов, Білім және ғылым министрлігі тарапынан келген топ өкілдерінің жетекшісі Қасира Ажмақанова түлектердің айтулы сынақтан сүрінбей өтуіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, биыл ауданның орта мектептерін 364 оқушы тәмамдады. Соның 259-ы тестілеуге қатысу үшін өтініш бергенімен, бесеуі белгілі себептермен сынаққа қатысудан бас тартқан. Комиссия өкілдері әуелі тест тапсырушылардың аудиторияларға қандай да бір электронды құрылғы, ұялы телефон алып кірмесі үшін тексеріс жүргізді. Металіздегіш құрылғылар мен ұялы байланыс толқындарын тежегіш құрылғылары іске қосылып, қырағылық күшейді. Сондай-ақ ҰБТ-ның барысы Астана қаласындағы бақылаушыларға, ақжайықтық түлектердің ата-аналарына онлайн түрде көрсетілуде.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале