25.04.2018, 15:37
Оқылды: 18

Ақжайық ауданында үй ауласынан снаряд табылды

DSC_0111Бүгін Ақжайық ауданының орталығы Чапаевтағы Қонаев көшесі, №57 үйге «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері су құбырын тарту үшін барған.

Олар аула түкпірінен таман жерде қазба жұмыстарын жүргізген. Жұмысшылар сол жерден көне кездегі снарядқа ұқсас зат тауып алған.

Оқиға орнына тиісті қызметтердің өкілдері бірден жетті. Аталған зат Азамат соғысы кезіндегі снаряд деп ұйғарылды: ұзындығы 50 см; диаметрі 10 см. Аумақ жедел түрде бақылауға алынып, Атырау қаласынан саперлер шақырылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Көрнекі сурет

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале