31.07.2017, 12:53
Оқылды: 31

Ақжайық ауданында «Жастар Party» өтті

 

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы Жұбан саябағында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қыз-жігіттер үшін «Жастар Party» ұйымдастырды.


Осында жиналғандарды алдымен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Әнуар Қайыржанов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай дайындалған кітап көрмесімен таныстырды. Жас әнші Аружан Әділхан домбырамен ән шырқаса, Қанат Есқайыров, Халел Сапаров күмбірлетіп күй төкті.

Жастардың көңілді ойындарын да тамашалаушы тұрғындар аз болған жоқ. Арқан тартыстан, асық атудан жарыстар ұйымдастырылды. Шараға белсене атсалысқандардың бәріне аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың Алғысхаты, естелік сыйлықтары табысталды.

Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев жастарды еңбектегі, ауыл-елдің ортақ істеріндегі белсенділікке шақырып, сөз сөйледі.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале