19.06.2019, 16:17
Оқылды: 106

Ақжайық ауданында «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

Ақжайық ауданының орталығында аудан кәсіпкерлерінің «Ақжайық – құтты мекенім» атты форумы өтті. Шараға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, белгілі кәсіпкерлер, жастар қатысты.

 DSC_0053

–Туған елін сүйетін азаматтар қашанда елді көркейтуде белсенділік танытып келеді. Ауданымызда мұндай мысалдар көп кездеседі. Кәсіптерін дөңгелетіп отырған белгілі жандар ауылдарына қамқорлық танытуда. Оларға тұрғындардың алғысы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы азаматтарды осындай игілікті істерді атқаруға үндейді,-деді аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов.

Ол Елбасының аталмыш бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің демеушілігімен ауданымызда іске асқан жұмыстарға тоқталды. 2017 жылы 11 млн. 586 мың теңгеге 21 жоба, 2018 жылы 70 млн. 470 мың теңгеге 45 жоба, биыл бүгінге дейін 17 млн.100 мың теңге қаражатқа 15 жоба жүзеге асты.

DSC_0062

Қ.Айтмұхамбетов шара барысында «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстады. Елдегі қайырымдылық шаралардан шет қалмайтын Ақжол ауылдық округіне қарасты Тінәлі елдімекенінен белгілі кәсіпкер Иманмәлік Жұлқашев, Тайпақ ауылының кіреберісіне электр желісін орнатып берген Есенаман Жарылғасов, Мерген ауылына балалар ойын алаңын салып берген Талғат Ғұбашев, сонымен қатар қарауылтөбелік Асылхан Шайхиев, жамбылдық Ержан Шәрипов, шабдаржаптық Талғат Мұхамедияров, тайпақтық Жанат Таскентов сынды ірі кәсіпкерлер мен демеушілер аталған премияға ие болды.

Рахмет Қали,

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале