25.08.2018, 14:03
Оқылды: 47

Ақжайық ауданындағы 16 мектепте асық ату алаңы бар

asykЕжелгі ұлттық ойындарымызға үлкеннің де, кішінің де бетбұрысы барған сайын күшеюде. Ақжайық аудандық білім бөлімінің маманы Жанар Нұрболатқызының айтуынша, бүгінде 16 мектепте асық ату алаңдары жұмыс жасайды.


Бұларда оқушылардың сабақтар кезіндегі үлкен үзілістерде асық ойнау жөнінде ұтымды тәжірибелер бар. Бұл таңда дене шынықтыру мұғалімдері балаларға асық ойынының қыр-сырын, бір кезде ұмытылып қалған түрлерін үйретіп жүр. Білім бөліміндегі мамандар өткен оқу жылында ересектермен қатар аудан мектептері оқушыларының қатысуымен асық атудан турнир өткізген-ді. Осындай жарыстарды, арнайы дәрістерді жалғастыру жөнінде жоспар бар.

Сонымен қатар 15 мектептегі «Рухани жаңғыру» залдарында, бұрыштарында оқушылар бос уақытында асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты ойындармен айналысуына жағдай жасау одан әрі қаперде болады. Асық ату алаңдарының барлық мектепте жүйелі түрде жұмыс жасауы да назарда тұр. Бұл ұлттық ойынның да әрине, балғын өрендерді ептілікке, ұқыптылыққа баулудағы маңызы шексіз.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале